Командир шешімі (Решение командира) — нақты қалыптасқан ұрыс жағдайында командирдің ұрыстық міндеттің маңызы мен оны орындау тәсілдерін анықтауы. Командир шешімінде мына жайттер қарастырылады: қарсыластың қай нысаналары аса маңызды, оны құрту үшін қандай құралдар және қай уақыт белгіленуі керек, күш пен құралдарды қай бағытта топтастыру керек, әскерді ұрыс тәртібіне тұрғызу, қарамағындағылар мен қолдау көрсететін әскерге ұрыс тапсырмаларын беру, ұрыстық, материалдық және техникалық қамсыздандыру, сондай-ақ қол астындағы әскердің саяси жұмысына кажетті міндетгерді анықтау.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс