Стратегиялық бағыт сыйымдылығы (Емкость стратегического направления) — әскерлердің (күштердің) топтасуына, оперативтік стратегиялық орналасуына мүмкіндік беретін сыйымдылық, ал соғыс кезінде әскери қимылдар жүргізу. Ол мөлшері (ені, терендігі), географиялық жағдайы (континенттік, теңіз маңындағы және басқалар), әскерлер қимылы үшін жер ынғайлылығы, жол және аэродром желілері, порттары болуы жағдайларымен анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс