Қайрат — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Алматы қаласынан. Қазақстан Чемпионатының 5 дүркін Чемпионы, 10 дүркін Қазақстан Кубогінің иегері, 3 дүркін Қазақстан Суперкубогінің иегері, КСРО футбол федерациясы кубогының иегері.

Тарихы 1954 жылы «Динамо» спорт қоғамының базасында «Локомотив» деген атаумен құрылды. 1955 жылы атауы «Урожай» боп өзгертілді. Бір жылдан соң тағы да атауын өзгерту мәселесі министрлікте қаралып, бірнеше атаудың ішінен «Қайрат» таңдалды.

1957 жылы тұңғыш халықаралық кездесуін «Ваасан Паллосеура» (Финляндия) клубымен өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. 1956-59 жылдары КСРО В класында (Кейін бірінші лига боп өзгерді) ойнады.

1959 жылдың соңында КСРО футбол федерациясы жоғары лигадағы клубтар санын 12-ден 22-ге дейін көбейтуге шешім қабылдады. Бұл шешімнен соң «Қайраттың» да жоғары лигаға қатысуына мүмкіндік ашылды. Осылайша 1960 жылғы КСРО чемпионатында клубтың элитадағы тұсауы кесілді.

1960-91 жылдар аралығында «Қайрат» жоғары және бірінші лигаларда ойнады. 1986 жылы жоғары лигада жетінші орынға көтеріліп, ең жоғары жетістігіне қол жеткізді. Сондай-ақ 1963 жылы КСРО кубогының жартылай финалына дейін жетіп, клуб футболшылары КСРО спорт шебері ретінде марапатталды.

1971 жылы Бухарестің «Рапид» клубын ұтып, Халықаралық теміржолшылар кубогында жеңімпаз атанды. Кеңес дәуіріндегі тағы бір ірі жетістігіне 1988 жылы қол жеткізіп, КСРО Федерациялары кубогында топ жарды. Бұл маусымда «Қайрат» соңғы рет жоғары лигада ойнады да, 1989-91 жылғы маусымдарды бірінші лигада өткізді.

1992 жылы Қазақстандағы тұңғыш маусымды «Қайрат» сәтті бастады, чемпион атанды, кубокты иеленді. 1993 жылы Достастық елдері кубогына қатысып, топтық кезеңде «Экранасты» доп айырмашылығы бойынша ғана бірінші орынға жіберіп алды да, жартылай финалға шыға алмады.

Бірақ сол жылы-ақ клубтағы күшті ойыншылар әр жаққа тарап кетті де, 1993 жылғы чемпионатты он бірінші орында аяқтады. Келесі маусымда да дәл осы нәтиже қайталанды. Осы құлдырағаннан тек 1997 жылы ғана жүлделі орынға ілінді, үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ осы жылы екінші рет Қазақстан кубогын иеленді.

1998 жылғы футбол маусымына дайындық жүріп жатқан кезде ЦСКА басшылары «Қайраттың» бүкіл базасын, стадионын өздеріне қаратып алмақшы болды. Сол кезде «Қайратқа» қаржылық жағынан қолдау көрсетіп отырған Болат Әбілев бұған шыдай алмай, жарты команданы бөліп әкетті. Сол кезде «Қайраттың» вице-президенті Сейілдә Байшақов та Болат Әбілев жағына шықты. «Қайрат» екіге жарылғаннан кейін бір жартысы «Қайрат-ЦСКА» болды да, екінші жартысы халықтық «Қайрат» болды. Асқар Қожабергенов бастаған бір топ ойыншылар да халықтық «Қайрат» жағына шықты. Халықтық «Қайрат» дегеніміз сол кезде қырық жылға жуық тарихы бар кәдімгі «Қайрат» клубы. Өкінішке қарай, халықтық «Қайрат» сол жылы Қазақстан біріншілігінің жоғары тобында емес, бірінші лигада ойнады. 1998 жылдың қорытындысы бойынша, бірінші лигада жеңімпаз атанып, 1999 жылы жоғарғы топқа қайта оралды. Сол жылы халықтық «Қайрат» ұлттық біріншілікте үшінші орынға қол жеткізді. Ал «Қайрат-ЦСКА» халықтық «Қайраттан» әлдеқайда төмен қалды.

Бірақ, 2000 жылы екі «Қайрат» қайтадан қосылды. Өйткені, ЦСКА басшыларының клубты ұстап тұруға мүмкіндіктері болмады.Асқар Қожабергенов, «Жетісу» футбол клубының директоры: «Бапкерлікті Бердыевтен үйрендім» Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

2002 жылдың жазында Қазақстан клубтары арасында алғашқылардың бірі боп еурокубоктерге қатысты. Бірақ УЕФА кубогының алғашқы іріктеуінде «Црвена Звезда» клубымен кездескен қайраттықтар екі ойында да оларға есе жіберді, 0:2, 0:3.

2004 жылғы біріншілікте араға 12 жыл салып Қазақстан чемпионы атанды. Осы жетістігінен соң 2005 жылы Достастық кубогына және Чемпиондар лигасына жолдама алды. Достастық кубогында топтық кезеңнен өтіп 1/4 финалға дейін жетті, ал Чемпиондар лигасында Словакияның «Артмедия» клубымен кездесіп, өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал сырт алаңда тек соңғы секундтарда төртінші голды жіберіп алды (1:3 есебін сақтап қалғанда, келесі кезеңге өтер еді).

2006 жылы УЕФА кубогында «Фехервар» клубынан ұтылды (0:1, 2:1).

2008 жылдың ортасында клубтың демеушілерінің бірі қаржыландырудан бас тартты да, клуб мүшелеріне тиісті жалақы берілмей қалды. Нәтижесінде клубтың лицензиясы жоққа шығарылып, команда 2009 жылғы маусымды бірінші лигада өткізді. 2009 жылы бірінші лигада жеңімпаз атанып, жоғары лигаға қайта жолдама алды. 2013 жылы бапкер Владимир Вайстың жетекшілігімен араға сегіз жыл салып жүлдеге қол жеткізді: қола жүлдегер атанды.

2015-19 жылғы маусымдарда қатарынан бес рет күміс жүлдені қанағат тұтты. 2015 жылы жазда өз тарихында тұңғыш рет еурокубоктердің топтық кезеңіне өте жақын келді, Еуропа лигасында «Црвена Звезда», «Алашкерт», «Абердин» секілді клубтарды қапы қалдырып, плей-офф сатысында «Бордоға» жол берді, сыртта 0:1 есебімен ұтылып келген қайраттықтар өз алаңында 2:0 есебімен алда тұрды. Тек соңғы минуттарда ғана гол жіберіп алды. Айта кетейік, маусымда «Қайрат» сапында 2013 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы Анатолий Тимощук доп тепті. Ал жыл соңында Вайсс қызметтен кетіп, орнына Александр Бородюк келді. Сондай-ақ клубқа ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин келді. 2016 жылғы маусым басында клуб тұңғыш рет Қазақстан суперкубогын ұтып алды.

2016 жылғы маусым барысында сүреңсіз нәтижелерден соң Бородюктің орнына Кахабер Цхададзе келді. Бірақ «Қайрат» бұл жолы Еуропа лигасында екінші іріктеу кезеңінен аса алмады.

2017 жылдың жазынан 2018 жылдың күзіне дейін клубты Карлос Алос Феррер жаттықтырды. Жыл соңында Андрей Карпович азырақ бапкер міндетін атқарды. Бұл маусымды да «Қайрат» екінші орынмен аяқтады.

thumb|left|250px|2025 жылғы Астана Арена стадионында өткен Қайрат пен Ақтөбе футбол клубтары арасындағы Қазақстан Суперкубогының ойыны 2019 жылдың басында клуб тізгінін беларусьтік 30 жасар Алексей Шпилевский ұстады. 2019 жылы жазда клуб УЕФА Еуропа лигасының екінші кезеңінен аса алмады, чемпионатты тағы да екінші орынмен қорытындылады.

2020 жылғы маусымда чемпионат бітуге бес тур қалғанда араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионы атанды.

2024 жылы 10 қараша күні соңғы турда Атырау футбол клубын жеңіп, төртінші мәрте Қазақстан чемпионатын ұтып алды.

2025 жылы 22 ақпан күні Астана Арена стадионында Қайрат пен Ақтөбе футбол клубтары арасында Қазақстан Суперкубогының ойыны өтті. 2-0 есебімен Қайрат жеңіске жетіп, 4 дүркін Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.

Орта Азия дербиі Толық мақаласы: Орта Азия дербиі

Қазақ және өзбек футболының арасындағы ымырасыз бәсекелестік ертеден бар. КСРО чемпионаттарында Алматының «Қайраты» мен Ташкенттің «Пахтакоры» өзара кездескенде стадионда ине-шаншар орын болмайтын. Екі клубтың кездесуі «Орта Азия дербиі» деген сипатқа ие болды, ол кездесулерді қазақ және өзбек футбол жанкүйерлері ғана емес, бүкіл одақтың футбол көрермендері ерекше ықыласпен тамашалайтын еді.

Мұндай ойындарда екі жаққа да жеңіс ауадай қажет, тіпті жеңіске жете қалса маусым соңында төменгі лигаға түсіп кетсе де кешірілетін.

Статистикасы

Ең ірі жеңісі Қазақстан чемпионаты 1993 — 8:0 («Қайсар», Қызылорда)

Ең ірі жеңілістері Қазақстан чемпионаты 2007 — 0:5 («Астана-1964», Астана) 2011 — 1:6 («Астана», Астана)

Клуб атауларының тарихы «Локомотив» (1954) «Урожай» (1955) «Қайрат» (1956 жылдан бері)

Маусымдары МаусымЛигаҚазақстан кубогыДивПозОҰТЖСДЖДҰп199211261655482253Жеңімпаз1993112253142341182 раунд19941130106143642361 раунд1995930132153735411 раунд19966341951061306219973261655521453Жеңімпаз1998224301819199913302118621964Жеңімпаз20004281864481760200153215710423352Жеңімпаз200273213712413646200373214711514249Жеңімпаз20041362583702183Финал20053301884562262Финал20067301210839304620071330931823433020081030910112528341/42009212619436321421 раунд201011032611151738293 раунд2011113288163049221/42012102678112334292 раунд2013332121284438332 раунд20143321859583138Жеңімпаз20152322075601945Жеңімпаз20162322255753071Финалист20172322391752878Жеңімпаз

Еурокубоктар МаусымЖарысРаундКлубҮйдеСырттаЖалпы2002/03УЕФА КубогыБастапқы Црвена Звезда (Сербия)0:20:3 0:5 2005/06Чемпиондар ЛигасыI КР Артмедиа (Словакия)2:01:4 3:42006/07УЕФА кубогыI КР Фехервар (Мажарстан)2:10:1 2:22014/15Еуропа ЛигасыI КР Кукеси (Албания)1:00:0 1:0 II КР Эсбьерг (Дания)1:10:1 1:2 2015/16Еуропа ЛигасыI КР Црвена Звезда (Сербия)2:12:0 4:1 II КР Алашкерт (Армения)3:01:2 4:2 III КР Абердин (Шотландия)2:11:1 3:2 Плей-офф Бордо (Франция)2:10:1 2:2 2016/17Еуропа ЛигасыI КР Теута (Албания)5:01:0 6:0 II КР Маккаби Тель-Авив (Израиль)1:11:2 2:3 2017/18Еуропа ЛигасыI КР Атлантас (Литва)6:02:1 8:1 II КР Скендербеу (Албания)1:10:2 1:3 2018/19Еуропа ЛигасыI КР Энгордань (Андорра)7:13:0 10:1 II КР АЗ Алкмаар (Нидерланд)2:01:2 3:2 III КР Сигма (Чехия)1:20:2 1:4 2019/20Еуропа ЛигасыI КР Широки Бриег (Босния)2:12:1 4:2 II КР Хапоэль Беэр-Шева (Израиль)1:10:2 1:3 2020/21Еуропа ЛигасыІ КР Ноа (Армения)4:1 4:12020/21Еуропа ЛигасыІI КР Маккаби Хайфа (Израиль)1:2 1:22021/22Чемпиондар ЛигасыІ КР Маккаби Хайфа (Израиль)1:12:0 3:1ІI КР Црвена Звезда (Сербия)2:10:5 2:6Еуропа ЛигасыІII КР Алашкерт (Армения)0:02:3 2:3 УЕФА Конференция Лигасы Плей-офф Фола (Люксембург) 3–1 4–1 7–2 H тобы Базель (Швейцария) 2–3 2–4 4 орын Қарабақ (Әзербайжан) 1–2 1–2 Омония (Кипр) 0–0 0–0 2022–23 УЕФА Конференция Лигасы ІI КР Кишварда (Мажарстан) 0–1 0–1 0−22025/26Чемпиондар ЛигасыI КР Олимпия Любляна2:01:1 3:12 КР КуПС3:00:2 3:23 КР Слован Братислава1:00:1 1:1(пен.4:3)Плей-офф Селтик0:00:0 0:0 (пен.3:2)Жалпы кезең Спортинг 1:4 Реал Мадрид 5:0 Пафос 0:0 Интер 2:1 Копенгаген Олимпиакос 1:0 Брюгге 3:2 Арсенал

УЕФА коэффиценті

Қайраттың УЕФА клубтары арасындағы рейтингі:

Rank Team Points264 Hammarby5.500265 Hibernians5.500266 Қайрат5.500267 AIK5.425268 IFK Göteborg5.425 2025 Тамыз айының жағдайы бойынша .

Клуб сапында ең көп матч өткізгендер № Ойыншы Барлығы ЧК ЧСР ПСР КК КСР КФФСР СКК КОКА ЛЕУЕФА 1 Вахид Масудов 373 50 181 94 6 25 16 0 1 0 2 Леонид Остроушко 361 0 200 143 0 18 0 0 0 0 3 Фанас Салимов 329 0 161 134 0 17 17 0 0 0 4 Сеильда Байшаков 328 0 225 71 0 32 0 0 0 0 5 Владимир Никитенко 321 0 256 40 0 23 2 0 0 0 6 Сергей Квочкин 307 0 232 60 0 15 0 0 0 0 6 Анатолий Федотов 307 0 221 71 0 15 0 0 0 0 8 Евстафий Пехлеваниди 303 0 226 47 0 21 9 0 0 0 9 Станислав Каминский 297 0 242 42 0 13 0 0 0 0 10 Құралбек Ордабаев 285 0 185 69 0 31 0 0 0 0Қазіргі футболшылардан Бауыржан Исламхан 196 146 0 0 23 0 0 4 0 23 Ғафуржан Сүйімбаев 157 126 0 0 11 0 0 2 0 182021 Шілде айының жағдайы бойынша.

Клуб тарихындағы үздік сұрмергендер

Аты-жөніОйнаған жылдарыЧемпионатКубокСуперкубокЕурокубокЖалпы1 Евстафий Пехлеваниди1980–899411––1052 Жерар Гоу2014–2017808–11993 Әлібек Бөлешев2000–06, 2007–087712–1904 Сергей Квочкин1960–69756––814 Анатолий Ионкин1972–78644––686 Сергей Волгин1980–85, 1986–89, 19924220––627 Леонид Остроушко1954–57, 1959–67562––588 Бауыржан Исламхан2014–2020438–6579 Сергей Струкашов1977–84525––5710 Сергей Климов1978–80, 1986, 1989–92, 1996–20002827––55

Басшылары, бапкерлер және ойыншылар құрамы

Басшылары 2024 жыл, қыркүйек ҚызметіЕсіміБақылау кеңесінің төрағасы Қайрат БоранбаевБас Директор Асқар Асилбекович ЕсімовСпорттық Директор Константин Александрович ЛежневАтқарушы Директор Талғат ТакиевТехникалық Директор Евгений Андреевич КрасиковАкадемия Директоры Волфганг ГейгерКоманда капитаны Александр Мартынович

Бапкерлік құрам ҚызметіЕсіміБас бапкер Рафаэль УразбахтинБас бапкер көмекшісі Сергей КуцовБас бапкер көмекшісі Максим ЗуевҚақпашылар бапкері Илья ЮровФизикалық дайындық бапкері Артем СавельевВидео-аналитик Эльшад ХинизовТренер аналитик Талғат КанышевФизиотерапевт Фелипе МейраДәрігер Дастан ТұралиевМассажист Александр Шапкин

Негізгі Құрам 2025 жыл 28 Тамыз

Жетістіктері

Қазақстан Чемпионат

Чемпион (5): 1992, 2004, 2020, 2024, 2025 2-орын (4): 2015, 2016, 2017, 2018 3-орын (5): 1997, 1999, 2005, 2013, 2014

Кубок

Жеңімпаз (9 — рекорд): 1992, 1996/97, 1999/00, 2001, 2003, 2014, 2015, 2017, 2018 Финалист (3): 2004, 2005, 2016

Суперкубок