Радиобүркеніш — қарсыластың радиобарлауының әсерін төмендетуге бағытталған техникалық және ұйымдастыру шараларының жиыны; радиоэлектрондық бүркеніштің құрама бөлігі. Оған өздерінің радиостанция сәулеленуін, қабылдау-беру жұмыстарының уақытын шектеу, сәулелену қуатыл азайту, бағытталған антенналарды пайдалану, жылдам әрекетті аппараттарды қолдану, жалған радиотораптар мен радиобағыттарды және т.б. шараларды құру арқылы қол жеткізіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс