Белгісіз жақты сөйлем ( ) - грамматикалық бастауышы ерекше айтылмайтын, істелген іс-әрекет белгісіз бір субъектілерге тән болып ұғынылатын жай сөйлем, яғни баяндауышы жақты болғанмен, бастауышы белгісіз жақты сөйлем. Белгісіз жақты сөйлемнің жасау жолдары: 1) ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған баяндауыштар 3-жакта осы шақтық мағынада айтылғанда: Нарларды көбінесе жүкке пайдаланады (Ы. Алтынсарин); 2) өткен шақ, келер шақ тұлғадағы етістіктер не есімшелер 3-жакта айтылып баяндауыш болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын (Ғасыр Мұстафин).Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын-Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
Дереккөздер
Санат:Лингвистика