Полктің медициналық пункті — полктің медициналық қызмет құралдары және әскердің тыл аудандарында құрылатын медициналық эвакуация сатысы.
Полктің медициналық пунктінің міндеттері Келген жаралылар мен ауруларды қабылдау мен сұрыптау, оларға алғашқы медициналық қызмет көрсету, эвакуацияланбайтындарды амбулаториялық емдеу, ауыр жаралыларды (ауруларды) тылға жөнелтуді ұйымдастыру, медициналық-санитариялық батальонға немесе жеке медициналық отрядқа жіберу.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс