«Қазақстан жазушыларының ашу-ызасы» () — Мұхтар Әуезовтің бірлесіп жазған мақаласы. «Казахстанская правда» газетінде 1938 ж. 8 наурызда жарияланған. «Қазақстан жазушылар ұжымы қабылдаған резолюция» айдарымен берілген. Онда Қазақстан жазушылары ұлы кеңес халқы қабылдаған үндеуіне қосыла отырып, Троцкий бастаған алаяқтарга қарсылықтарын біддірген. Одан ері біздің тамаша, іскер ұйым НКВД-ның арқасында талқандалған сатқын, аяр бандиттер халқымыздың ұлы көсемдері - Ленин мен Сталиннің емірлеріне қауіп тендірді. Олар бүкіл одақтың суйікті ұлы Сергей Кировқа қастандық жасады. Еңбекші таптын жетекшісі, совет әдебиетшілерінің досы әрі ұстазы, ұлы пролетар жазушы Максим Горькийді өлтірді. Олар революциядан шабыт алган батырлар Менжинский мен Куйбышевты т. б. мерт етті деп, троцкийшілердің қылмыстарын тізіп шыққан.
деген даурықпа ұрандармен аяқталған. Хатқа Жамбыл, М. Қаратаев, Айманқұл, Ә., Шухов, Мүсірепов, Жароков, Мұқанов, Қамалов, Тәжібаев, Аманжолов, Дәулетбаев, Кузнецов, Хасановтар қол қойған.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар