Қоспа дайындайтын жабдық (Смесеприготовительное оборудование) — қорамалау материалдарын қорама және өзек қоспаларға өндейтін, сондай-ақ оларды қорамалық және өзектік машиналарға тиейтін машиналар, механизмдер мен көлік құралдары. Қоспа дайындайтын жабдыққа қорамалау материалдарын сақтайтын, сыйымдылықтар мен тасымалдайтын көлік құралдары, жаңа қорамалау материалдарын өңдеуге, қорамалық және өзектік қоспалар дайындауға арналған машиналар жатады. Қазіргі құю цехтарының көпшілігінде қоспа дайындайтын жабдық орталық дайындау жүйелері типтік сұлбалар бойынша орналастырылған, бұларда қорама материалдарын өндеу операциялары механикаландырылған. Автоматтандырылған қорамалау тізбектерінің қоспа дайындайтын өз жүйелері болады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау