Маңғыстау облыстық әскери теңіз институтыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; – әдістемелік мекеме. Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің жоғары әскери-теңіз училищесін ҚР Үкіметінің №314 1 наурыз 2001 жылғы қаулысына сәйкес құрылды. ҚР №684 10 шілде 2003 жылғы Үкімет Қаулысымен Әскери-теңіз институты болып саналады. Институтта алты кафедра жұмыс жасайды: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы; жаратылыс ғылымы және жалпы кәсіби кафедрасы; кеме жүргізу кафедрасы; кеменің құрылысы мен төзімділігі кафедрасы; флоттың тактика және әскери құралдар кафедрасы; су үсті кемелерінің радиотехникалық қару-жарақ кафедрасы. Әскери-теңіз институты теңіз ісіне маманданған жоғары білімді офицерлер дайындайды. Оқу мерзімі-5 жыл. Институт құрамындағы Әскери-теңіз колледжі теңіз ісіне маманданған орта білімді түлектер дайындап шығарады. Оқу мерзімі 2 жыл. Дереккөздер