Тереңкөл ауданы — Павлодар облысы құрамындағы аудан. Әкімшілік орталығы – Тереңкөл ауылы.
Тарихы 1928 жылы 17 қаңтарда Фёдоров ауданы құрылды, ол сол жылы 23 маусымда Максим Горький ауданы болып өзгертілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Максим Горький ауданының аумағында Қашыр ауданы құрылды. ҚР Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы Жарлығымен аудан атауы Тереңкөл болып өзгертілді.
Физикалық-географиялық сипаттамасы
Географиялық жағдайы Солтүстік-батысында — Железин ауданымен, солтүстік-шығысында – Ресейдің Новосибирск облысының Қарасуық ауданымен, шығысында – Успен ауданымен, оңтүстігінде – Павлодар ауданымен шектеседі. Батысында ауданның табиғи шекарасы Ертіс өзені болып табылады. Өзен арқылы Ақтоғай, Ертіс аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы бойынша Павлодар—Омбы, Қашыр—Купино автомобиль жолдары өтеді.
Климаты Климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы − 18º-19ºС-қа, шілденікі — +20º+21ºС-қа тең. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.
Жер бедері мен гидрография Аудан аумағы Барабинск ойпатының жапсарында және Құлынды жазығында орналасқан. Жер бедері жазық. Топырағы қызғылт, сортаң. Аудан аумағы бойынша 50 км ұзындықта Ертіс өзені ағып өтеді, көптеген ұсақ көлдер бар.
Пайдалы қазбалардың ішінде глауберлік және ас тұзының, кірпіш, жабынғы жасауға қажет балшықтың кен орындары бар. Балшық қоры мөлшерленбеген.
Флора және фауна Бетеге, жусан, тал, көктерек өседі. Қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, үйрек, қаз, аққу мекендейді. Тұзды көлдерде табан, алабұға, шабақ, шортан кездеседі.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 24385 43025 50121 44535 41979 31666 22208 20234 Этникалық құрамы Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына) орыстар — 9 190 адам (43,16%) қазақтар — 8 388 адам (39,39 %) украиндар — 1 274 адам (5,98 %) немістер — 1 698 адам (7,97 %) татарлар — 141 адам (0,66 %) беларустар — 210 адам (0,98 %) басқалары — 390 адам (1,83 %) Барлығы — 21 291 адам (100,00 %)
Санның серпінділігі 1999 жылы халық саны — 31,7 мың адамды, 2012 жылы — 21,291 мың адамды құрады. 1999 жылы халықтың орташа тығыздығы — 4,66 адам/км², ал 2012 жылы — 3,13 адам/км² болды.
Әкімшілік бөлінісі 28 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Алтай ауылдық округі 1144 897 78,4 566 466 82,3 578 431 74,6 Әулиеағаш ауылдық округі 949 662 69,8 467 347 74,3 482 315 65,4 Байқоныс ауылдық округі 1435 1352 94,2 712 688 96,6 723 664 91,8 Береговой ауылдық округі 1646 1494 90,8 821 759 92,4 825 735 89,1 Жаңабет ауылдық округі 1158 1015 87,7 559 521 93,2 599 494 82,5 Жаңақұрылыс ауылдық округі 1126 681 60,5 580 378 65,2 546 303 55,5 Иванов ауылдық округі 832 646 77,6 414 328 79,2 418 318 76,1 Калинов ауылдық округі 837 662 79,1 419 344 82,1 418 318 76,1 Октябрь ауылдық округі 1262 772 61,2 628 397 63,2 634 375 59,1 Песчан ауылдық округі 3080 2654 86,2 1490 1321 88,7 1590 1333 83,8 Тереңкөл ауылдық округі 7710 8507 110,3 3667 4144 113 4043 4363 107,9 Томарлы ауылдық округі 1029 892 86,7 487 434 89,1 542 458 84,5 ЖАЛПЫ САНЫ 22208 20234 91,1 10810 10127 93,7 11398 10107 88,7
Экономика
Өнеркәсібі Жөндеу-механикалық, май және нан зауыттары, құрылыс материалдары мен конструкуциялар комбинаты, тұрмыстық қамтамасыз ету, ағашты қайта өндеу комбинаттары, құрылыс және автокөліктік кәсіпорындары, типография бар.
Ауылшаруашылық Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүт және ет-сүтті мал шаруашылығы, бидай шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда 15 ауылшаруашылық және 145 шаруа қожалықтары, 7863 жеке қоныстар; 41 қайта өндеу объектілері: 12 шағын-диірмендер, 1 сүтті қайта өндеу бойынша цех, 10 күнбағыс өндіру бойынша цехтар бар.
Әлеуметтік сала
Білім беру мен ғылым 2012 оқу жылында 31 жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды мекемелері мен 2 кәсіби мектептер қызмет етеді.
Денсаулық сақтау Ауданда Қашыр орталық аудандық аурухана қызмет етеді, бас дәрігер Әмірқан Тұрғылдинов.
Мәдениет 1934 жылдан бастап аудандық «Заря» газеті шығарылады. Ауданда жылжымайтын мәдениет және тарихи ескерткіштері бар: Кеңес Одағының батыры А.Н. Елгиннің мүсіні, 1964 ж, Қашыр ауылы XIX ғ. аяғындағы А.Н. Елгиннің үйі, Қашыр ауылы Еңбек мәртебесі ескерткіші, ДТ-54 тракторы , 1979 жылғы ГАЗ-АА автомашинасы, Березовка ауылы Әйгілі адамдар Кеңес Одағының батырлары: А.Н. Ёлгин, М.М. Катаев, В.В. Степаненко, Қ.М. Сұрағанов ; Социалистік Еңбек Ерлері: Ж. Әбілқайыров, Н. Әлжанов, В.С. Выдрин, З.А. Жуков, Д.С. Козолуп, Т.И. Рахманин, П.С. Рябова, Н.М. Соколов.
Дереккөздер
Санат:Тереңкөл ауданы