Ледебур бадамы«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; (Prunus tenella, Amygdalus ledebourіana) – бадам туысына жататын бұта. Биіктігі 2 м-дей. Гүлі ашық қызыл түсті, жапырақ жарған кезде гүлдейді. Тұқымынан және вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі тәтті не қышқылтым, дәнінде 72% май болады. Дәні тағам өнеркәсібінде, майы дәрі жасау үшін пайдаланылады. Ледебур бадамы – жылу сүйгіш, қуаңшылық пен аязға да төзімді өсімдік. Оны Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағында қолдан өсіріледі.
Дереккөздер
Санат:Раушангүлділер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер