Сағын Ерқасұлы Қырымқұлов (1940 жылы 3 наурызда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы ҚарамандыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; ауылында туған) — мұнайшы - геолог. Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы. ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Толығырақ Сағын Ерқасұлы Қырымқұлов 1940 жылы 3 наурызда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қараманды ауылында дүниеге келген. 1962 - 1966 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (бұрынғы КазПТИ им.В.И.Ленина) бітірген. мамандығы мұнайшы - геолог. 1967 – 1973 жылдары «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің Қарақия мұнай, газ барлау экспедициясында коллектор, аға геолог, телім бұрғылау бастығының орынбасары, геология бөлімнің аға геологы 1973 – 1986 жылдары «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігінің геология бөлімінің аға геологы, бұрғылау басқармасының геология бөлімінің бастығы 1986 – 1994 жылдары «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігінде бас директордың орынбасары, геология бөлім бастығы, барлау-бұрғылау басқармасының бастығы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас геологы болды 1997 жылдан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның президенті.

Марапаттары 1970 - КСРОның «Еңбектегі ерлігі үшін» және «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалдарымен марапатталған. КСРОның бірнеше медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған. 1998 - ҚР тұңғыш медалі "Астана" медалі 2000 - Құрмет ордені 2001 - "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы Ақтау қаласының, Маңғыстау облысы Қарақия және Түпқараған аудандарының Құрметті азаматы Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы 2017 жылы 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Парасат орденімен марапатталды.

Отбасы Ерқас Қырымқұлов - әкесі, саткер. Үйленген. Ұлдары -Қабиден(1966ж.т.), Сәрсен(1972 ж. т.).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО мұнайшылары Санат:Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:3 наурызда туғандар