УЕФА ( — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы) — Еуропа мен бірнеше Азия футболының әкімшілік және меңгерушілік ұйымы. Ол Еуропа елдерінің футбол қауымдастықтарын біріктіреді. УЕФА барлық Еуропаның клубтық және кұрама жарыстарының ұйымдастырушысы.

УЕФА - ФИФА ұжымына кіретін 6 континенттік аймақтың бірі және ең байы. Әлемнің барлық дерлік футболшылары осы Еуропада ойнайды, өйткені ең көп еңбек ақы төлейтін осы Еуропа командалары. Әсіресе Англия, Испания, Италия, Германия елдерінде көп табысқа жетуге болады. Және де әлемнің ең мықты ұлттық құрамалырының көбісі де осы УЕФА-да. Мысалға 2010 жылғы әлем чемпионатына УЕФАдан 13 құрама қатысты.

УЕФА 1954 жылы маусымның 15-і күні Швейцарияның Базель қаласында құрылды. Алғашында УЕФА-ға 25 ел кірген. Қазір оның саны 55-ке жетті. 1959 жылға дейін УЕФА-ның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан, Берн қаласына ауысып кетті. 1995 жылдан бері УЕФА-ның штаб-пәтері болып Ньон қаласы саналады. УЕФА-ның алғашқы президенті болып Эббе Шварц сайланды.

УЕФА және Қазақстан 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан УЕФА-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі.

УЕФА Президенттері Аты-жөні Елі Мерзімі 1. Эббе Шварц 1954—1962 2. Густав Видеркер 1962—1972 3. Артемио Франки 1972—1983 4. Жак Жорж 1983—1990 5. Леннарт Юханссон 1990—2007 6. Мишель Платини 2007-2015 — Анхель Мария Вильяр (м.а.) 2015—2016 7. Александер Чеферин 2016 — қазірге дейін.

Жарыстар Құрама командалары Футболдан Еуропа чемпионаты УЕФА Ұлттар Лигасы Финалиссима Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты (U-19) Футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты (U-17)

Қыздар

Әйелдер арасындағы футболдан Еуропа чемпионаты Футболдан қыздар арасындағы Еуропа чемпионаты (U-19) Футболдан қыздар арасындағы Еуропа чемпионаты (U-17) UEFA Women's Nations League

Клубтық УЕФА Чемпиондар Лигасы УЕФА Еуропа Лигасы УЕФА Конференциялары лигасы УЕФА Суперкубогы Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар Лигасы Under20 Intercontinental UEFA Youth League

Футзал Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзалдан Еуропа чемпионаты Футзалдан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты Әйелдер арасындағы мини-футболдан Еуропа чемпионаты

бұрын болған турнирлер:

УЕФА Кубок иелері кубогы Интертото Кубогы УЕФА Кубогы

УЕФА мүшелері UEFA RANKING AND COEFFICIENTS

25px Солтүстік Ирландия

25px Уэльс

25px Шотландия

Дереккөздер

Санат:Халықаралық спорт ұйымдары Санат:УЕФА Санат:ФИФА