Қаяу (Раковина) — қорытпа қатайған кезде құйманың шөгуі нәтижесінде, әдетте, оның жоғарғы бөлігінде түзілетін ақау. Қаяудың беті тегіс, төбесі төмен қараған конус пішіндес болады. Шөгу қаяуының түзілуіне қорытпаның құймада қабат-қабат қатаюы себеп болады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 Газды қаяу Газды қаяу (Раковина газовая) — 1) қорамалау қоспасының ылғалдығынан құйманың ішінде және сыртқы беттерінде әр түрлі өлшемді және пішінді қуыстардың пайда болуы. Газды қаяу механикалық өңдеу кезінде ғана анықталып, көптеген шығындар келтіретін ақау түрі; 2) болатты сауытқорамға құйғанда газдың жиналуынан пайда болатын ақау; 3) қоюы немесе қатайған құйма құрамындағы құраушылармен бірігуі мүмкін. Газды қаяу еріген газдардың сыртқа шығуы нәтижесінде азаяды. Массасы үлкен, тұлғасы қалың тетіктерде орын алған газды кеуектер пісірудің кейбір жолдарымен жойылады. Кебіртек астындағы елек тәрізді қаяу Кебіртек астындағы елек тәрізді қаяу (Раковина ситовидная подкорковая) — құйманың сыртқы қабатының астындағы ұсақ қаяулар. Мұндай қаяулар ылғал қалыпқа немесе сұйықшыны қоспасы жағылған қалыптарға құйғанда пайда болады.

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау