Жастар рухы — «Әділет» партиясының жастар қанаты.«Әділет» партиясы «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты 2026 жылға дейін «Аманат» партиясының жастар қанаты болған. 2008 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «Jas Otan» жастар қанатының I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған. 2022 жылы 12 шілдеде жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінде қазіргі атауын алған.«Жас Отан» переименовали в «Жастар Рухы»
Ұйымның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жастар рухы» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді.Мария Иванова. В ожидании перемен // Страна и мир. — 12 қараша 2012. — № 46 (488). — С. 7. — ISSN 1999-4036 Жастар қанатының 2024 жылғы есеп бойынша 105 мың мүшесі бар.Біз туралы
«Жас Отанның» тарихы 1999-2008
«Нұр Отан» партиясының жастар қанаты 2008 жылға дейін өзіндік заңды тұлғаны иеленбеді. 2006 жылғы 26 қарашадағы «Отан» Республикалық саяси партиясының саяси кеңесінің отырысында партия төрағасының міндетін атқарушы Б. Т. Жұмағұлов өз баяндамасында өткен 1,5 жыл ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының бірде-бір Республикалық кеңесінің отырысы өтпеді, ал оның басшысы өз араларында байланыстары жоқ, әртүрлі іс-шаралар өткізді, — деп атап өтті. Партияның саяси кеңесінің, орталық аппаратына, барлық филиалдар мен өкілдіктері алдына тез арада жастармен жұмысты күшейту мәселесі мен аталған бағыт бойынша іс-әрекеттер бағдарламасын ұсынуды міндеттеді.
1 съезі
2008 жылдың 17 қаңтарында Президент Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында көктемде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс берді.
2008 жылдың 14 мамырында Мемлекет басшысы, партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты» I Съезі өтті. «Жас Отан» ЖҚ I Съезіне дейін «Нұр Отан» ХДП бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды талқылау бойынша парламенттік тыңдау өткізілді. Съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілген, еліміздің барлық облыстарында жастар конференциясы өткізілді. Сондай-ақ, съезге Қазақстанның жастар ұйымдарының көшбасшылары мен партия және Саяси кеңестің бюро мүшелері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің басшылары және Парламент депутаттары мен Үкімет пен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері және БАҚ, ҮЕҰ мен шетелдерден жас қонақтар келді. I съезд делегаттарымен қоғамдық бірлестіктің жарғысы мен 2008-2011 жылдарға арналған Іс қимыл стратегиясы қабылданып, ұйымның Атқарушы хатшысы болып, Нұрлан Өтешев сайланды.
Өзінің құрылтайдағы сөзінде президент ұйымның алдынан Қазақстанның әр жас азаматы өз әлеуетін жүзеге асырып алуға, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуға барлық қажетті жағдайларды құруды көздейтін бірінші кезекті мақсаттарды қойды, сондай-ақ құрылған ұйымның мемлекеттік жасөспірімдер саясатындағы рөлін белгіледі:
«Құрметті жас қыздар мен жігіттер! Жалғыз мемлекеттің күшімен ғана жастарға қатысты барлық мәселелерді шешу қиын болады. Бұл салада көп нәрсе жастар бірлестіктерінің азаматтық ұстанымына және жігеріне тәуелді болып тұр. Ол жайында өздерің де айтқан болатынсыңдар. Менің ойымша, «Жас Отан» жалпы ұлттық маңызы бар мақсаттарды орындауға дайын болып тұруына, жастарды әлеуметтендіретін және оларда ілгерішіл түсініктерді мен заманауи құндылықтарды қалыптастыратын құрылымға айнала алатынына мен қатты сенім артамын.»
2008-2012 2009 жылдың қаңтар айында «Жас Отан» «Қара таңба» атты жобасының тұсауын кесті. Жоба «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдауына 2008 жыл мен 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында келіп түскен барлық азаматтардың шағымдары мен үндеулеріне талдау жасайды. Мониторинг жасап болғаннан кейін партияға сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағым ең көп түскен мемлекеттік органның көше жақтағы қақпасына «Қара таңба» белгісін орнатады.
Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 12 ақпанда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген мәжілісінде партия жастар қанатының қиын-қыстау кезеңде студенттерді қолдау үшін жалпықазақстандық марафон өткізу бастамасын қолдау қажет екендігі туралы нақты тапсырмасы бойынша «Жастар жалыны – Отанға, жомарт жүрегі – жастарға!» атты ұранмен жалпықазақстандық марафонын өткізіп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен меморандумға қол қойды.
2010 жылдың сәуірінде «Жас Отан» «Тарбағатай мұңы — бүкіл Қазақстанның мұңы» атты Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан су тасқынынан зардап шеккендерге киім мен азық-түлік өнімдерін жинауға арналған акциясын өткізді. Көмек ретінде «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары КАМАЗ бен ГАЗельмен қажетті заттарды жөнелтті.
2010 жылдың сәуір айында «Жас Отан» ЖҚ «Біз қазақстандықпыз! Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Республикалық акциясын ұйымдастырып, акция шеңберінде «БІЗ» деген сөзде – «140 МЕН!» тақырыбындағы бір шаңырақ астында 140 этностың бейбіт өмір сүріп жатқандығын көрсету мақсатында фотокөрме ұйымдастырды.
2010 жылдың 16 маусымында «Есірткісіз өмір сүр» республикалық акциясы бойынша Қазақстанның барлық облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында нашақорлыққа қарсы әртүрлі шаралар өткізілді: спорттық жарыстар, пикеттер, митингілер, түсіндіру жұмыстары және басқа.
2010 жылдың шілдесінде Санкт-Петербургте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар кеңесінің III мәжілісінде «Жас Отанға» бір жыл мезгілге осы кеңестегі төрағалық орны берілді.
2010 жылдың 28 мамырында Ақтөбе облыстық әкімшілігінің алдындағы алаңда «Ауылдың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» марафон-эстафетасының басталуына байланысты митинг өтті, оған «Нұр Отан» ҰДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындыков қатысты. Акция мақсаттарына ауылдарды қоқымнан тазарту, елді мекендерді көгалдандыру, өзен мен орман алқаптарын жинастыру, ауылдық жерлердің спорттық нысандарын қалыпқа келтіру, жол бойымен ағаштарды отырғызу кірген. Жұмыстарды ұйымдастыру үшін 146 басқару пункті және 300 отряд құрылды, акцияға қатысқандарға 25 мың теңгеден кем емес жалақы берілді. 2010 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына сапар шеккен кезде, «Ауылдың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» акциясы мемлекеттің 20-жылдық тәуелсіздігіне жақсы сыйлық болып табылатындығын ескертіп, ақтөбеліктердің тәжірибесін бүкіл Қазақстан бойынша қолдануға шақырды. 2011 жылы акция мемлекеттің барлық аймақтарында өткізіледі, әр облыстың бюджетінде марафон-эстафетаны өткізуге жылына шамамен бір миллиард теңге қаражат бөлінді.
Идеология «Жас Отан» Жастар қанаты «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының идеясын қолдайды. Ұйымның мәлімделген міндеті - мемлекеттің дамуды жаңашылдыққа ұмытылуды қамтамасыз ету мақсатымен елбасының саяси платформасының негізінде Қазақстан жастарын біріктіру. Мақсаты - өзінің cоңынан жастарды тартып, қабілетті, мықты және абыройлы саяси жастар ұйымын құру.
Негізгі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Жас Отан» ЖҚ негізгі жұмыс бағытын айқындайтын кезек күттірмес міндеттерді жүзеге асырады:
Мемлекет басшысының саясатын қолдап, жастарды біріктіру. Аталған міндет жастар арасында еліміздің Президентінің беделін нығайту мен «Нұр Отан» ХДП-на жастардың сенімін көтеру бойынша кешенді шаралар әзірлеп, мемлекеттік-патриоттық негізде еліміздегі жастарды біріктіру. Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – жастар үшін мемлекеттік кепіл мен құқықтарының қорғалуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылған. «Жас Отан» ЖҚ қызметінде жастардың көп бөлігін тарту арқылы «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік базасын кеңейту. Жастар қанатында партияның мүшелерін көбейту бойынша механизмдер әзірленуде, сондай-ақ, «Жас Отан» Жастар қанатына басқа да жастар ұйымдары мен қауымдастықтар тартылуда. Міндет партия мен мемлекеттік органдарға кадрлар резервін қалыптастыру. «Нұр Отан» ХДП мен биліктің мемлекеттік органдарында кадрды толықтыратын жас көшбасшыларды дайындайтын және айқындайтын жүйені құруды көздейді.
Арнайы жобалар
Жастар – Отанға! «Жастар – Отанға!» жобасы аясында «Жас Отан» Жастар қанатының аймақтық филиалдары мен еліміздегі ірі жастар ұйымдары қырыққа жуық тұжырымдама жүзеге асырды. Тұжырымдаманың бағыттары әртүрлі: патриоттық құндылықтарды насихаттаудан бастап, әлеуметтік жобалар мен жастар бастамаларын дамыту және жас кәсіпорындарға қолдау көрсетуге дейін. Одан басқа, жоба аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастарға инновациялық білім беру лагері жүзеге асырылуда. Лагерь әрбір белсенді де, талантты жасқа мемлекеттік құрылым, бизнес және жастар өкілдерімен пікірталас алаңын ұйымдастыру арқылы жақсы мүмкіндіктер береді.
Жастар кадрлық резерві «Жастар кадрлық резерві» жобасының басты мақсаты - мемлекеттік басқару, бизнес жүйесі және қоғамдық қызмет саласы үшін жастар кадрлық резервін қалыптастыру және аймақтық және республикалық кадр әлеуетін күшейту. «Жастар кадрлық резерві» ашық байқауына аймақтар бойынша 29 жасқа дейінге көптеген жастар қатысты. Іріктеу деңгейінің қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан республикалық деңгейге 107 қатысушы іріктелді. Қорытындысы бойынша «Жастар кадрлық резерві» жобасына 32 қатысушы анықталды. 7- 31 шілде аралығында Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығында менеджменттің кіріспе курсын оқып, осы уақытта «Жас Отан» Жастар қанатының «Қазақша сөйлесейік!» акциясына қатысып, Есіл ауданының Ильинка поселкесіндегі мектеп құрылысын салуға жәрдемдесті. 6-11 тамыз аралығында Зеренді ауданының Зеренді поселкесінде Д. А. Қалетаев, Қ. С. Сұлтанов, Б. Қ. Байбек, А. П. Рау, Е. Т. Қарин, Б. К. Байқадамов, Н. К. Ерімбетов және тағы басқа сынды белгілі тұлғалар мен еліміздегі мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен кездесті. 12 тамыз-13 қыркүйек аралығында «Нұр Отан» ХДП мен мемлекеттік органдарда және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» қорында тағылымдамадан өтті. Одан кейін 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі – Н. С. Әшімов пен Президенттік Мәдениет орталығының директоры – М. Ж. Жолдасбековпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Б. Қ. Тілеуханмен және тағы басқа саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесті. 2009 жылдың 29-30 қазан аралығында «Жастар кадрлық резерві – Еуразиялық интеграция септестігінің негізі» атты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің жастар ұйымдарының және саяси партиялары жастар қанаттары көшбасшыларының кездесуіне қатысты.
Еркін пікір 2009 жылдың басында «Нұр Отан» ХДП Хатшысы Е. Қариннің тапсырмасына сәйкес, «Жас Отан» ЖҚ базасында жастар арасындағы көкейтесті мәселелерді талқылып, тәжірибе алмасу мақсатында «Еркін пікір» мобильді пікірталас алаңы өткізіледі.
Дипломмен ауылға!