Aзоттандыру (; — селитра, сода, яғни азот қышқылды тұз, — жасау) — құрамында азоты бар заттектерді жоғары сатыдағы өсімдіктер сіңіре алатындай түрге келтіретін процесс.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғатты қорғау. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001. ISBN 5-7667-8188-1 Мысалы, топырақтағы аммиактың аэробты нитрозды бактериялармен азотты қышқылға дейін, содан кейін азотты қышқылдың нитратты бактериялармен азот қышқылына дейін тотығуы. Нитрификатор — бактериялармен іске асырылатын автотрофты азоттандыру, микроорганизмдермен, ең алдымен, саңырауқұлақтармен жүретін гетеротрофты азоттандыру түрлері бар. Гетеротрофты азоттандыру барысында азоттың бейорганикалық, сондай-ақ органикалық қосылыстарының да айналуы жүреді. Топырақты құнарландыратындықтан азоттандырудың егіншілікте маңызы зор.Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
Дереккөздер
Санат:Хемосинтез Санат:Микробиология Санат:Физиология Санат:Азоттың биологиялық циклы