Атыс кестесі (Таблица огня) қарсыласты атыспен жою және оны орындау тәртібі бойынша артиллериялық бөлімшелердің (бөлімдердің) міндеттерін анықтайтын жауынгерлік құжат. Ол шабуыл кезінде атыспен жою кезеңдері және жалпы әскери бөлім (бөлімше) міндеттері бойынша, ал қорғаныста қарсыласты алыс кіре берісте, алғы шептің алдында жою міндеттері бойынша және оның қорғаныс тереңдігіне енуі кезінде құрылады. Атыс кестесінен үзінділер артиллериялық бөлімше (белім) командиріне тапсырылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс