Атыс дәлдігі (Меткость стрельбы) — белгіленген нүктеден нысанаға түсудің орташа нүктесі мен жайылу нүктесінің орналасу дәлдігімен анықталады. Мұнда көздеген нүктеге түсудің орташа нүктесі неғүрлым жақын, ал оқтың (снарядтың) жайылуы неғүрлым аз болғаны жақсы. Нысанадағы көзделген нүктеден тию нүктесінің қашықтығы мыңның жартысынан аспағанда, ал жайылуы кестелік мөлшерден аспағанда атыс дәл деп есептеледі. Атыс дәлдігі қалыпты ұрысқа қаруды дәл кезеу, қару мен оқ-дәріні ұқыпты сақтау, атушының қаруды жетік меңгеруі арқылы қамтамасыз етіледі. Атыс дәлдігін жақсарту үшін атушы нысанаға дейінгі қашықтықты анықтай алуы, оқтың ұшуына әсер ететін метерологиялық жағдайларды білуі және соған сәйкес көздеуішті қоя білуі, атыс тәсілдерін дұрыс меңгеруі қажет. Мүлтіксіз көздеп көп атысы тура тиетін атқыш мерген атқыш деп есептеледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс