Өзенаралық, Өзен аралығы - көршілес екі шектес өзендердің ортасындағы аумақ; көршілес екі өзеннің арасындағы жер. Мысалы, Әмудария мен Сырдария өзен аралығы, т.б.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
Суайрық кеңістіктері мен аңғарлардың жанама беткейлерін қамтиды. " Өзенаралық" термині, негізінен, жазық аумаққа қатысты қолданылады. Өзенаралықтың беті, әдетте, эрозиялық бөлшектенуге аз ұшырайды (ылдилығы 3-4°-тан аспайды); оған плакорлық топырақтар мен өсімдіктер тән, оның бетінде көлдер, беткі батпақтар кездеседі.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Тағы қараңыз Өзен; Өзен алабы; Өзен аңғары; Өзен жүйесі; Өзен бастауы; Өзен сағасы; Өзен еңістігі; Өзен желісі; Өзен жүйесі; Өзен иректілігі; Өзен ирелеңі; Өзен көлігі; Өзен суының тартылуы; Өзен эрозиясы; Өзендердің бөлінуі; Өзендердің қоректенуі; Өзенді ілестіру; Өзеннің бас жары; Өзен жайылмасы.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:География Санат:География және геодезия Санат:Су шаруашылығы