Адамдардың радиоактивті заттармен зақымдану дәрежесі — ағза алған радиацияның жинақ мөлшері. Ол жергілікті жердің радиоактивтік зақымдану дәрежесімен, адамдардың зақымданған жерде болған уақыт мөлшерімен, сондай-ақ адам организміне түскен радиоактивтік заттардың мөлшерімен өлшенеді. Радиоактивтік заттар теріге және шырышты кабыққа тиіп, жара қылады, асқындырады. Егер адам ағзасының ішіне радиоактавтік заттар көп түссе, онда сәулелену ауруы басталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс