Теренс Тао (, ; , Аделаида, Оңтүстік Аустралия, Аустралия) — негізінен гармониялық талдау, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, комбинаторика, сандар теориясы және бейнелеу теориясы салаларында жұмыс істейтін қытай текті аустралиялық-америкалық математик.
Оның ең танымал жұмысы — британдық математик Бен Гринмен бірлесіп дәлелдеген жай сандардың кез келген ұзындықтағы арифметикалық прогрессияларының болуы туралы тұжырымдама (Грин — Тао теоремасы).
Философия докторы (1996), 1999 жылдан бастап Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің математика профессоры. 2007 жылдың 18 мамырынан бастап Лондон корольдік қоғамының мүшесі. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі (2008), Америка философиялық қоғамының мүшесі (2012) және Аустралия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.
Филдс медалінің (2006) және ғылым саласындағы Халықаралық Патша Фейсал сыйлығының (2010) лауреаты. Тао жұмысының өзіне тән ерекшелігі — көптеген математиктермен өте қарқынды ұжымдық жұмыс істеуі, қазіргі заманғы математиканың ең алуан түрлі бөлімдеріне бір мезгілде терең бойлауы және өзі жүргізетін блогы арқылы ғылымды белсенді насихаттауы.
Дереккөздер
Санат:АҚШ математиктері Санат:Аустралия математиктері Санат:Филдс марапаты иегерлері Санат:Принстон университеті түлектері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:Фулбрайт стипендиясы иегерлері Санат:Аустриялық ханзада сыйлығының иегерлері Санат:Сандар теориясы математиктері