Тұщыбек — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, Отпан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы Шетпе ауылынан батысқа қарай 18 км, Жыңғылды ауылынан шығысқа қарай 21 км жерде, Таушық – Шетпе автомобиль жолы бойына орналасқанМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;.
Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 258 258 298
Тарихы Ауыл 1969–1995 жылдары қаракөл қойын өсіретін Куйбышев атындағы кеңшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мен фермерлер жұмыс істеді.
Инфрақұрылымы Ауылда бастауыш мектеп, дүкен және телеорталық бар. Сонымен қатар туберкулезге қарсы күресетін 50 орындық Е.Оразақов атындағы шипажай жұмыс жасайды. Халыққа ауыз су 1,5 – 2 км қашықтықтағы су ұңғымасынан тасылып беріледі. Газ құбыры тартылған.
Ауыл суреттері
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері