Комплемент байлау реакциясы — серологиялық реакция. Бұл антиген—антидене комплексінің қой эритроциттері мен гемолизиннен тұратын индикаторлық-гемолитикалық жүйенің әрекеттесуіне негізделген. Вирус пен антидене әрекеттескен жағдайда эритроциттерді ерітуге керек комплемент байланып қалады. Сондықтан ерітудің болмауы вирустың бейтараптанғандығын көрсетеді.
Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Вирусология Санат:Иммунология Санат:Генетика Санат:Молекулалық биология