Атмосфераны барлап білу (Зондирование атмосферы) — арнайы құралдар (шарұшқыштар, радиозондтар, метеорологиялық ракеталар, лазерлер, Жердің жасанды серіктері, радиолокациялық және т.б. құралдар) арқылы атмосфера температурасының тік және көлденең таралуын, желдің бағыты мен жылдамдығын, қысымын және т.б. параметрлерін анықтау. Атмосфераны барлап білу нәтижелері артиллерия атысына даярлық жасау үшін (ракета жіберу), желді есепке ала отыра, авиация ұшуын қамтамасыз ету үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс