Бектұр Төлеуғалиев (1940 жылы туған, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – кәсіподақ қызметкері, қоғам қайраткерi, жазушы (Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi).

Өмірбаяны Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумын (1968) бітірген. Мәскеудегі Шверник атындағы кәсіподақтардың жоғары мектебін бітірген. 1960 – 1978 жылдары Маңғыстау ауданы кеңшарларында бас инженер 1978 – 1980 жылдары «Куйбышев» кеңшарында партия комитетінің хатшысы Маңғыстау аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі 1980 – 1991 жылдары «Октябрьдің 50 жылдығы» кеңшарының директоры 1991 – 2004 жылдары Маңғыстау облысы кәсіподақ комитетінің төрағасы 2004 жылдан Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

Шығармалары «Бас сардар» «Балдағы алтын ақ болат» тарихи романдар «Адай тарихы сыр шертеді» атты роман-эссенің бiрнеше повестiң авторы.

Марапаттары “Құрмет” Ордені ”Парасат” Ордені ҚР-ның "Мәдениет қайраткерi" "Құрметтi журналисi". Маңғыстау облысының "Құрметтi азаматы". "Лениннiң туғанына 100 жылдығы" медальі "Еңбектегi ерлiгi үшiн" медальі төрт рет Елбасының Алғыс хатымен марапатталған. Көптеген төс белгiлердiң иесi.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:1940 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Атырау аграрлы-техникалық колледжі түлектері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Маңғыстау облысының құрметті азаматтары