thumb|right|250px Көкжиек — аспан мен жер бетін астасып жатқандай етіп көрсететін сызық.

Көрінетін көкжиектің қашықтығы, яғни бақылаушы тұрған орнынан жер бетінің оған көрінетін ең шалғай нүктелеріне дейінгі d қашықтығы сол бақылаушының жер бетінен (теңізде су бетінің деңгейінен) қандай да бір һ биіктікте тұрғандығына және айналасындағы жердің бедеріне тәуелді болады.

Бұл тәуелділік d[км]=3,83Мһ[м] формуласы арқылы өрнектеледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: "Мектеп" ААҚ, 2001

Дереккөздер

Санат:Географиялық терминдер Санат:Аспан координаттар жүйелері