Есептеу () — өлшеу құралының есептеу құрылғысы көрсетіп тұрған сан немесе бірізді белгілеулерден алынған сан. Тілі бар құралдарды қолданған кезде тіл тоқтаған шкала бөлігінің жанында тұрған санды қабылдап аламыз.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Векторлық есептеу - математиканың векторлардың, вектор-функциялардың және векторлық өрістердің қасиеттерін зерттейтін саласы.

Дифференциалдық есептеу - математикалық анализдің(талдаудың) туындылар және дифференциалдар арқылы функциялардың қасиеттерін зеттейтін құрамдас бөлігі.

Жуықтап есептеу - алдын ала белгіленген дәлдікке сәйкес есептеп шығару. 2) математиканың есептеу және белгілі бір тәсілдерді қолдану ережелерін зерттейтін тарауларының құрама бөліктерінің атауы.

Интегралдық есептеу - математикалық анализдің(талдаудың) анықталмаған және анықталған интегралдар ұғымын, қасиеттерін, есептеп шығару әдістерін зерттейтін құрамдас бөлігі.Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау