Сұлтанбек ҚұдайбергеновМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1978 жылы туған, Маңғыстау ауданы, Қосбұлақ ауылы) – ақын, журналист. 2002 – 2007 жылдары Маңғыстау телерадиокомпаниясында тілші-редактор «Үш қиян» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Өлеңдері республикалық, облыстық баспасөздерде жарияланып, Маңғыстау шығармашыл жастарының «Жыр керуен» (2002) жинағына енген. «Бану-көктем» (2007) жыр жинағының авторы. Халықаралық «Каспий-достық теңізі» фестивалінің лауреаты, Халықаралық «Шабыт» фестивалі арнаулы сыйлығының иегері халық батыры Сүйінғара Үргенішбайұлының 250 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар