Ангидрит-доломит - Негізінен ангидриттен және доломиттен тұратын шөгінді (тұнба) тау жынысы. Құрамындағы доломит мөлшері ангидритке қарағанда көбірек болып келеді. Галотекті — карбонатты қабаттардың таза доломит тасы, доломит ангидриттермен және ангидриттермен алмасу өңірінде кеңінен таралған. Ангидриттердің гидраттану белдемінде ангидрит-доломит гипс-доломиттерге алмасады.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.

Дереккөздер

Санат:Шөгінді тау жыныстары