Оман (), толық атауы Оман сұлтандығы () — Араб түбегінің шығысында орналасқан мемлекет.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Луцкий В.Б., Новая история арабских стран, М., 1966Новейшая история арабских стран Азии, М., 1989Новейшая история стран Азии и Африки, ч.1, 3, М., 2001.К. Қожахметов Жер аумағы 312 мың км² (шекаралары шөлдер арқылы өтетіндіктен нақты белгіленбеген). Халқы 2,4 млн. (1998), 80%-ын арабтар, қалған бөлігін үнділер, парсылар, белуджалар, Африка елдерінен шыққандар құрайды. Халқының 87,7%-ы мұсылмандар, 7,4%-ы – индуизм дініндегілер, 3,9%-ы – христиандар. Ресми тілі – араб тілі. Астанасы – Маскат қаласы Әкімшілік аумағы 8 ауданға бөлінеді. Оман – шектеусіз монархия. Барлық заң шығарушы және атқарушы билікті сұлтан жүргізеді. Ұлттық мейрамы – Ұлт күні – 18 қараша (1971). Оман БҰҰ-ға мүше (1971). Ақша бірлігі – Оман риалы.

Табиғаты Оманның көпшілік бөлігі таулы болып келеді. Оман шығанағының жағалауында Хаджар таулары (ең биік нүктесі – 3353 м) орналасқан. Климаты тропиктік, ыстық әрі құрғақ. Қаңтардағы орташа температурасы 21С, шілдеде – 32˚С. Шөл мен шөлейт жерлерге бейім өсімдіктер, тауларда шағын саванналар мен тропиктік ормандар өседі. Оманда араб қарақұйрығы, түлкі, қорқау қасқыр сияқты аңдар кездеседі. Жер қойнауы мұнай қорына бай.

Оманның батыс және орталық бөліктерін кең шөлдер алып жатыр. Ең ірісі – Руб әл-Хали шөлінің бір бөлігі. Шөлдерде құмды төбелер (дюналар), тастар мен қиыршық тастар кездеседі. Жауын-шашын өте аз.

Тарихы Б.з.б. 4-мыңжылдықта Оманның теңіз жағалауларында порттар пайда болды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында елге Йеменнен қоныс аударған Ямани тайпалық бірлестігі үстемдік етті. Оманның теңіз жағалауларындағы аймағы б.з.б. 6 – 5 ғасырларда Ахемен әулетінің, кейіннен грек-македон мемлекеттері мен парсылардың билігінде болып, аса ірі теңіз сауда орталығынана айналды.

7 ғасырдың ортасында Араб халифатының құрамына кірді. 8 ғасырдың ортасынан 18 ғасырдың соңына дейін елде парсы, португал үстемдігі кезек-кезек орнап, олар әлсіреген кезде тәуелсіз имамат болды. Осы кезде елге Орталық Арабия түбегінен уахабшылар, кейіннен Англияның көмегіне сүйенген Египет билеушісі Мұхаммед Әли басып алды.

Әр түрлі күштердің ықпалымен Оман аумағы 19 ғасырдың бас кезінде Оман имаматы, Маскат сұлтандығына (1891 – 1958 – британ протектораты) және Шарттық Оманға (1971 жылдан Біріккен Араб Әмірліктері) бөлшектенді. 1900 – 50 жылдары Оман имаматының көп бөлігі ағылшын әскерлері мен Маскат сұлтанының қарулы күштерінің бақылауында болды.

1970 жылы 9 тамызда Маскат сұлтаны Кабус бен Саид аль-Саид құрамында Маскат сұлтандығы мен Оман имаматы бар біртұтас Оман сұлтандығының құрылғанын жариялады. 1971 жылдың соңында Оман сұлтандығы Араб мемлекеттері Лигасы мен БҰҰ-ға қабылданды.

Экономикасы Оман – жедел дамып келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібі бар ел. Мұнайдан түсетін пайданың мөлшері жылына 6 – 8 млрд. доллар шамасында. Экономикасының дәстүрлі саласы – қолөнер кәсібі (қару-жарақ жасау, тері илеу, мата тоқу). Кейінгі жылдары химия, мұнай өңдеу, цемент, тамақ, машина жасау, металл өңдеу кәсіпорындары салынды. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары – құрма мен темекі. Сондай-ақ тропиктік жемістер (банан, манго, папайя), пияз бен картоп, жүгері, бидай, қара бидай, африка тарысы – дурра өсіріледі. Көшпелі мал шаруашылығы сақталған (қой, ешкі, ірі қара мал, түйе). Құс шаруашылығы мен балық аулау да (ауланған балықтың 80%-ы экспортқа шығарылады) жақсы дамыған. Оманда темір жол жоқ. Сыртқа мұнай, түсті металдар, балық, ұн, жеміс-жидектер мен көкөніс шығарады. Ауыл шаруашылығы мен балық аулау саласында еңбекке жарамды халықтың 50%-ына жуығы қамтылған. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 8690 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Жапония, Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур, Үндістан.

Әкімшілік бөлінісі 379x379 нүкте|Административно-территориальное деление Омана №Картадағы№Мухафазаараб.УәлаятОрталығыАуданыкм²Халқы2010Тығыздығы,адам/км²17Дофар (Зуфар)محافظة ظفار10Салала99 300249 7292,5129Маскатمحافظة مسقط6Эс-Сиб3500775 878221,6838Мусандамمحافظة مسندم4Эль-Хасаб1 80031 42517,4643Солтүстік Эль-Батинаمنطقة الباطنةСухар483 58253Оңтүстік Эль-Батинаمنطقة الباطنةЭр-Рустак289 00866Солтүстік Эш-Шаркияالمنطق الشرقيةИбра146 44976Оңтүстік Эш-Шаркияالمنطقة الشرقيةСур204 06581Эд-Дахилияمنطقة الداخلية8Назва31 900326 65110,2492Эз-Захираمنطقة الظاهرة3Ибри37 000151 6644,10104Эль-Бураймиمحافظة البريمي3Эль-Бурайми7 00072 91710,42115Эль-Вустаالمنطقة الوسطى4Хайма79 70042 1110,53БарлығыОманسلطنة عمان62Маскат309 5002 773 4798,96

Халық саны БҰҰ мәліметтері бойынша (млн)19500,45619550,49619600,55219650,62519700,72419750,88219801,15419851,49819901,81219952,20420002,26820052,51120103,04120154,20020205,150

Дереккөздер

Сілтемелер

Ministry of Tourism Ministry of Information "Oman" Oman . Oman The Sultanate of Oman

* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері