Авиациялық топ — 1) Нақты ұрыс тапсырмаларын орындау үшін уақытша жиналған бірнеше авиациялык бөлімшелер, бөлімдер немесе құрамалар (авиацияның бір немесе әр түрінен болуы мүмкін). 2) Кейбір шетелдердің (Ұлыбритания, Жапония, Канада және басқа) әскери-әуе күштерінің құрамында 60-тан 100-ге дейін ұшағы бар авиацияның штаттық бөлімі немесе құрамасы. 3) Көп мемлекеттердің ӘӘК авиация бөлімдерінің (құрамаларының) әуедегі ұрыс тәртіптері бөліктерінің аты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс