Атысты басқару (Управление огнем) — оқ атуды тиімді және дәл уакытында пайдалану, атыстың міндетін орындау мақсатындағы командирлер мен штабтың қызметі. Оған нысананың тұрған жері мен сипатын анықтау, атудың міндетін анықтау мен оның орындалу жағдайы, бөлімшеге (ату күралдарына) ату міндетін қою, атуды бастау немесе доғару, атысты бағыттау мен бақылау, атыс маневрін жүзеге асыру кіреді. Қару түрлері мен оның колданылу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі әскер түрлерінде атысты басқару өз ерекшеліктерімен сипатталады. Атысты басқару автоматтандырылған немесе автоматты түрде болуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс