Бұрыш(тамақ) — Тропиктік Америка мен муссондық Шығыс-Азияда өсетін бұта және шөптесін өсімдік туысы. 700-дей түрі бар. Ас пісіруге қара, ақ, хош иісті қалампыр бұрышы және ұнтақталған қызыл бұрыш қолданылады. Қара және ақ бұрыш — бұрыш тұқымдас тропиктік өсімдіктердің кептірілген жемісі. Қара бұрыш алу үшін жемісті піспеген кезіңде ағаш басынан алып кептіреді, ал ақ бұрыш алу үшін жемісті толық піскен кезде алады. Бұлар бір-бірінен ащылығы, иісінің өткірлігі және дәмдері жағынан ерекшеленеді. Қара бұрыштың дәмі ащы, өте өткір хош иісі бар. Тағамға жемісін бүтіндей немесе ұнталған күйінде пайдаланады. Қалампыр бұрышы — мирта тұқымдас тропикалық өсімдіктердің шала піскен жемісі. Сыртқы түрі қара бүрышқа ұқсас, ал түйірі ірірек болады. Сыртқы беті жылтыр, қарақоңыр түсті. Тағамға жемісін бүтіндей немесе ұнтақталған күйінде пайдаланады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Дереккөздер
Санат:Өсімдіктер