Артиллериялық аспаптар — атысты дайындау және артиллериялық атысты басқару үшін қолданылатын аспаптар (барлау және нысаналардың координаттарын табу, атыс жағдайын аныктау, оқ- дәрінің нысанамен түйісу мәселелерін шешу, атыс нәтижесін бақылау және көздеу).

Артиллериялық аспаптарға оптикалық, оптикалық- электрондық аспаптар (дүрбілер, кездеуіштер, қашықтық өлшегіштер және т.б.), есептеу қондырғылары, метеорологиялық, дыбыстық, топогеодезиялық т.б. аспаптар жатады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Тағы қараңыз Артиллерия

Дереккөздер

Санат:Артиллерия