Ізтұрған Меңдіқұлов (1922 жылы туған, Маңғыстау ауданы Қарашағыр ауылы) – соғыс ардагері, ауыл шаруашлығы саласының қызметкері. Ақтөбе сауда техникумын бітірген. Ұлы Отан соғысында Сталинградты қорғауға қатысқан. 1943 – 1948 жылдары мектепте мұғалім, мектеп , ұжымшарда бас есепші, 1948 – 1958 жылдары Сам, Қарақұм жерлерінде, 1958 – 1972 жылдары Маңғыстау, Бейнеу аудандарында сауда орындарының басшысы. 1973 – 1983 жылдары Бейнеу ауданы мемлекеттік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болды. Отан соғысы (1985) орденімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:1922 жылы туғандар
Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері