Ашығалы Қомытов (1937 жылы туған,Шевченко ауданы,Долгий ауылы) – педагог.
Өмірбаяны Гурьев педагогика институтын, Гурьев облысының халық шығармашылық үйінің өнер ұжымдары жетекшілері арнайы курсын бітірген. 1956 – 1963 жылдары клуб меңгерушісі, кейіннен 28 жыл Қызылөзен ауылындағы З.Баймырзаев атындағы орта мектептің директоры болды. 40 жыл домбырашы, концертмейстр, Қараған, Қызылөзен ауылдары мәдениет үйінің халық аспаптары оркестрінің жетекшісі, Мұрын жырау атындағы өнер мектебінде ұстаздық етеді.
Марапаттары ҚР «Білім беру қызметінің үздігі»
ҚР Білім және мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Түпқараған ауданының құрметті азаматы (1996).Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер