Хиллари Диан Клинтон (туған тегі — Родэм, ; 26 қараша, 1947, Чикаго) — америкалық саясаткер, дипломат және заңгер. Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы (2009–2013)US Department of State. Biography of Hillary Rodham Clinton, Нью-Йорктен өкілдік еткен сенатор (2001–2009) және күйеуі Билл Клинтон президенттілігінің жылдарында (1993–2001) АҚШ Бірінші ханымы болған және 2020 жылдың қаңтарынан бастап Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы Куинс университетінің ректоры.Clinton says NI deserves 'better future' in Belfast speech. (ағылшынша) RTE.ie. қарашаның 10, 2018
Демократиялық партияның мүшесі Хиллари Клинтон 2016 жылғы президенттік сайлауда партияның президенттікке кандидаты болды, Клинтон көпшілік дауысында жеңіске жетсе де, сайлаушылар алқасының дауысынан жеңіліп, сайлауда Дональд Трампқа жеңілді.
Өмірбаяны Хиллари Родэм 1947 жылдың 26 қазанында Иллинойс штатының Чикаго қаласында дүниеге келген. Хиллари Методистердің отбасында бой жетті. Бастапқыда Хилларидің отбасы Чикагода тұрса, Хиллари үш жасқа толған кезде олар Парк-Ридж қаласына көшіп келді. Хилларидің әкесі Эллсворт Хью Родэм (1911—1993) шығу теги британдық, шағын бизнестегі (тоқыма өнеркәсібінде) табысты кәсіпкер болды.
Дереккөздер
Санат:АҚШ мемлекеттік хатшылары Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Саясаттағы АҚШ әйелдері Санат:АҚШ сенаторлары Санат:Йель университеті түлектері Санат:АҚШ саясаткерлері