Авиация шабуылы — әскерлер мен басқа обьектілерге ұшақтардың бомбалап соққы беруі және шабуылдау әрекеті. Берілген әрекеттерге қатысушы ұшақтар мен олардың тобының санына, сондай-ақ таңдалған обьектіге (нысанаға) әсер ету ұзақтығына қарай авиация шабуылы жеке ұшақтармен, ұшақтар тобымен және авиацияның негізгі түрлеріндегі көп мөлшердегі құрамалардың қатысуымен топтасқан түрде жасалуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс