Қызыл үйрек, отүйрек, сарыалақаз () - қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жатады.
Қазақстанның солтүстігінен басқа жердің бәрінде кездеседі. Дене тұрқы 62 см, қанатының ұзындығы 40 см, құйрығының ұзындығы 14 см, салмағы 1,5 кг. Реңі – кірпіш түстес қызыл сары, басы боз, қызғылт, құйрығы мен қанаты қарауылы Аталығының мойнында жіңішке қара сақинасы болады. Отүйрек – жыл құсы. Қазақстанға наурыздың басында ұшып келіп, сүтқоректілердің ініне, құлама жартастың не ағаштың қуысына ұя салады. Ұяда 8 – 12 ақшыл сары жұмыртқа болады, оларды мекиені басып шығарады. Су жәндіктері және балдырлармен қоректенеді. Қазан айының басында қыстау үшін Каспий теңізінің оңтүстігі мен Орта Азияға ұшып кетеді. Отүйрек – әуесқойлық жолмен ауланатын құс.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Италақаздар Санат:Қазтәрізділер Санат:Үйректер