Мұздық жамылғылары, жамылғы мұздықтар — құрлықты, континенттік қайраңдарды, кейде дүниежүзілік мұхиттың терең сулы бөліктерінің ондаған, жүздеген мың және миллиондаған км² ауданы бүркеп жатқан мұздық қалқандарының, мұздық күмбездерінің, мұз тасқындарының, кайраңдық мұздықтардың және олармен байланысқан торша мұздықтардың жиынтығы. Ол қар сызығының ойпат деңгейіне дейін, көбінесе теңіз деңгейіне дейін төмендеген тұсында түзіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:География және геодезия