Изра́иль Моисе́евич Ге́льфанд (Тамыздың 20 (қыркүйектің 2) 1913 жыл - қазанның 5, 2009 жыл) - бүгінгі заман атақты математигі (1989 жылға дейін КСРОда, одан кейін АҚШ-та еңбек еткен). Ол өз заманының математикасының дамуына аса зор ықпал еткен адам. 800- ден астам мақала мен 30-дан аса кітаптың авторы 1913 жылы 2 қыркүйекте Украйнада дүниеге келген. (Okny, Odessa, Ukraine). 1935 жылы кандидаттық диссертациясын Мәскеу мемлекеттік университетінде А.Колмогоровтың жетекшілігімен қорғаған ол бес жылдан кейін докторлық диссертациясын қорғаған. ММУ-дың профессоры.
Ғұмырында көптеген сыйлықтардың иегері болған. Олардың ішінде КСРО (1953) мемлекеттік сыйлығы, Ленин сыйлығы (1956), математиктерге берілетін Волф сыйлығы (1978), Киотто сыйлығы(1989), т.б. Оның математикадағы зерттеген салалары өте көп. Әсіресе оның дифференциялдық теңдеулер саласындағы жасаған еңбектері Қазақ математиктеріне кеңінен танымал.
Дереккөздер
Санат:КСРО математиктері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1913 жылы туғандар Санат:2009 жылы қайтыс болғандар Санат:Профессорлар