Ор – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 332 км, су жиналатын алабы 18600 км2.

Бастауы Мұғалжар тауының солтүстік-батысындағы бұлақтардан басталып ( Шилі, Терісбұтақ, т.б.), Орск қаласы тұсында (Ресей) Жайық өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең (1 – 3 км), сағасына жақын тұста 18 – 20 км-ге жетеді. Арнасы 5 м, төменгі ағысында 80 м-ге жетеді. Өзеннің ірілі-ұсақты 14 саласы бар. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толысады. Сәуірде тасып, су деңгейі 5 м-ге дейін көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 4,05 м3/с-тен (Қопа ауылы тұсында), төменгі ағысында 13,0 м3/с-ке дейін (Майлытөбе ауылы тұсында). Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына, мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Рычков П.И., История Оренбургская (1730 – 1750). Оренбург, 1896; Борисов А.Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001.

Қазіргі кезде суы өте азайып кетуіне байланысты, осыдан 15-20 жыл бұрынғы деңгейінен 2 есеге жіңішкеріп, балық саны өте азайған. Қазақстан үкіметі тарапынан Ор өзенінде балық аулауға заңды түрде шектеу қойылуы немесе уылдырық шашылатын уақытта қатаң бақылауда болуы қажет. Өйткені өзенде аулар құрылып, заңсыз балық аулау көбейіп, балық қоры өте азайып кеткен.

Дереккөздер

Санат:Орынбор облысы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Мұғалжар ауданы өзендері Санат:Хромтау ауданы өзендері