Патшақұдық«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007 – Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының солтүстік шетіндегі терең шыңырау. Қамал құрылысынан соң іле-шала шамамен 1840 ж. қамалдың ауыз су қажеттілігін өтеу үшін қазылған. Сұраныс иесі қамалдағы патша әскерлерінің болуы себепті Патшақұдық аталған. Суы мол, сәл тұздылау дәмі бар. Патшақұдықтан 70-жылдарға дейін су алынып келді. Кейін күтімсіздіктен көзі бітеліп, көміліп қалды. Қазір қаладағы тарихи көне жәдігерлердің бірі саналады.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
Атаудың сөзжасамдық сипаты Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Атау патша (зат есім) және құдық (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары Санат:Форт-Шевченко Санат:Түпқараған ауданы географиясы