Электрондық аспаптарды бітеу () — вакуумді немесе керекті газдық құрамды пайдалану және сақтау кезінде қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау үшін электрондық аспаптардың (құрылғылардың) қабырғалары, қосылыстары мен шықпалары арқылы газдар мен сұйықтардың өтпеуін қамтамасыз ету. Бітеудің бұзылуы аспаптың (құрылғының) жұмыстық қабілетінің төмендеуіне немесе ауа райы жағдайы өзгерғенде оның көрсеткіштерінің тұрақсыздығына өкелуі мүмкін. Әдетте, корпусты (қуыс және біртұтас конструкциялы) және корпуссыз электрондық аспаптарды бітеу болып бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника