Метеорологиялық қызмет - метеорологиялық стансалар торынан, ғылыми және жедел қызметтік метеорологиялық мекемелер мен жетекші ұйымдардан тұратын мемлекеттік үйым. Метеорологиялық қызметтің міндеті — күнделікті ауа райытуралы ақпарат пен ауа райын болжау, сондай-ақ ауданның климат жағдайлары туралы мәлімет дайындау.
Метеорологиялық қызмет көрсету
Метеорологиялық қызмет көрсету - өткендегі, қазіргі және алдағы ауа райының жағдайлары туралы мәліметтерді жүйелі түрде хабарлау. Метеорологиялық қызмет көрсету шаруашылықтың әр түрлі салаларына (құрылыс, өнеркосіп, ауыл шаруашылығы, көлік, авиация) және модени, спорт, т.б. ұйымдардың жүмыс істеуіне өте қажет. Метеорологиялық қызмет көрсетуді жалпы мемлекеттік метеорологиялық кызмет немесе мамандандырылған метеорологиялық қызметтер жүзеге асырады, Синонимі: Метеорологиялық қамсыздандыру бағдарлама бойынша жүйелі метеорологиялық процестерді арнайы зерттейтін ғылыми мекеме.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:География және геодезия Санат:Әскери іс