Рашай Маханов (1915, Адай уезі Жармыш ауылы – 2003) – соғыс ардагері, ауыл шаруашылығы саласының маманы. Қазақстанға еңбегі сіңген мал шаруашылығының үздігі (1976). 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылдан Бозащы шаруашылығында бақташы болды. Еңбек Қызыл Ту (1976), Отан соғысы (1985) ордендерімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер

Санат:Тұлғалар