Жүріс (Ход) — механизмнің немесе машинаның белгілі бір операцияны жүзеге асыру мақсатында атқаратын қозғалысы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Жүріс түрлері Бос жүріс (Ход холостой) - механизмнің немесе машинаның пайдалы жұмыс атқармайтын қозға жыллысы; механизм немесе машинаның қозғалысындағы бос жүріс. Жұмыс жүрісі (Ход рабочий) — дайындаманың пішінін, өлшемдерін, бетінің кедір-бүдырын немесе қасиеттерін өзгертетін және құралдың дайындамаға қатысты бір рет орын ауыстыруынан тұратын технологиялық әрекеттің аяқталған бөлігі;технологиялық әрекеттердің аяқталған бөлігі. Жұмысшы жүрістің орындалуы қажетті дайындаманың қасиетіне, бетінің кедір бұдырлығына, өлшемдеріне, түріне қатысты. Жұмысшы жүрісте дайындамаға қатысты құралда бірге жүреді;баспақтың немесе тоқпақтың дайындаманы деформациялағанда істейтін жүрісі. Пайдалы жұмыс жүрісі - механизмнің немесе машинаның пайдалы жұмыс атқарып тұрғандағы қозғалысына не жұмысына сай келетін жүрісі. Педальдің жұмыс жүрісі - саңылау таусылған соң қосуға немесе айыруға қажетті педаль жүрісі. Қосалқы жүріс (Ход вспомогательный) — дайындаманың пішінін, өлшемдерін, бетінің кедір-бұдырын немесе қасиеттерін өзгертпейтін, бірақ жұмыс жүрісін орындауға қажетті және құралдың дайындамаға қатысты бір рет орын ауыстыруынан тұратын технологиялық өрекеттің аяқталған бөлігі (мысалы, құралды дайындамаға келтіру); технологиялық әрекеттердің аяқталған бөлігі. Қосалқы жүрістің орындалуы қажетті дайындаманың қасиетіне, бетінің кедір-бұдырлығына, өлшемдеріне, түріне қатысты емес. Қосалқы жүрісте дайындамаға қатысты құралда бірге жүреді. Педаль жүрісі - тежеуіштің, тіркестің педалінің бастапқы және соңғы орындарының арасындағы қашықтыққа сәйкес жүрісі. Поршень жүрісі - поршеньді қозғауыштың цилиндрінің ішіндегі поршеньнің жоғарғы шекті нүктесінен төменгі шекті нүктесіне дейін, немесе керісінше жүріп өткендегі жолы.

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау Санат:Транспорт