Кентау — Түркістан облысы қарамағындағы қала.

Географиялық орны Кентау — Қазақстанның бірегей қалаларының бірі.Облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Шымкенттен солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде орналасқан.Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы бар.1955 жылы негізі қаланған бұл қала жап- жасыл желегімен және жұмсақ климатымен танымал.Кентауды тау маңындағы «жасыл оазис» деп атайды.Кентау қаласы рухани астана – Түркістанға жақын орналасқандықтан, саяхатшылар жиі аялдап, айналадағы жерлерді аралайды.Оның маңында қасиетті орындар (мысалы, Үкаш ата кесенесі) мен ежелгі Сауран қалашығы орналасқан.Қаратау жотасының етектерімен қоршалған бұл жер көркем көріністерімен, таза ауасымен және далалық аймақтармен салыстырғанда салқын, таза ауасымен мақтана алады.Ол Қаратау жотасының етегіндегі тау-кен өнеркәсібінің ірі орталығы ретінде танымал.Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен танымал.Кентау қаласы экологиялық мәселелерге тап болуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тау-кен саласының қызметі салдарынан белгілі бір аумақтар ластануға ұшырады.

Тарихы Кеңес дәуірінде Кентау кеншілер қаласы болған. Уақыт өте келе көптеген кәсіпорын жабылғанымен, қала дамуын жалғастыруда. Кеңес дәуірінде Кентау Қазақстанның негізгі өнеркәсіп орталықтарының бірі болды. Онда өндірілген металдар Кеңес Одағының көптеген аймақтарына жеткізілді. Қала маңында ескі кен орындары бар, IX-X ғасырларға жататын кеншілер еңбек құралдарының қалдықтары табылған.1930 жылы Қарасай геологиялық барлау тобы Кентаудың оңтүстік-батыс сілемдерінен ірі полиметалл қалайы кен орнын ашты. Кеншілер оның дамуында маңызды рөл атқарды, өйткені олардың еңбегі қаланың қалыптасуына үлес қосты. Жұмысшы Мирғалим Фахрезетдиновтың құрметіне Мірғалымсай деп аталды. 1930 жылдары Кентау жотасының сайлары мен шатқалдарында тау-кен жұмыстары басталды.1941 жылы Хантағы кеніші таусылғаннан кейін жаңа «Мирғалимсайский» кеніші құрылды.Кентау қаласы Ащысай қорғасын-мырыш кен орнын игеру мақсатында; Хантағы мен Мырғалымсай жұмысшылар поселкілері негізінде құрылған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының 1955 жылғы 1 тамыздағы Жарлығымен Қантағы және Мырғалымсай жұмысшы кенттері біріктіріліп, Кентау қаласы құрылды.1971 жылы қаланың бас даму жоспары бекітіліп, оған сәйкес Кентауда 4-5 қабатты үйлер тұрғызылды.Кентау қаласының өзінен басқа  Ащысай, Баялдыр, Қантағы,Қарнақ  ауылдары кіреді.1979 жылы Қантағы ауылы қайтадан қаладан бөлініп шықты.Қала Ащысай кен орнының игерілуі арқасында дамыды. Мұнда полиметалл кендерін (қорғасын мен мырыш) өндіру қарқынды жүргізілді.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен5552157121 72573 127,1 27304 35338 129,4 29817 37235 124,9

2020 жылы тұрғындары 68669 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар - 56,86%, өзбектер - 39,62%, орыстар - 2,00%, татарлар - 0,61%, әзербайжандар - 0,28%, басқа ұлт өкілдері - 0,64%. 1959 жылы 40 000 жуық болса, 2021 жыл сағағы бойынша 70 000 асты.

Кеңес дәуірінде қала халқы негізінен КСРО-ның басқа аймақтарынан келген адамдардан — қуғын-сүргінге ұшырағандардың (гректер, немістер, кәрістер, еврейлер, шешендер) ұрпақтарынан, сондай-ақ кейінірек келген орыстардан, қазақтардан, өзбектер мен татарлардан — құралды.Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек гректер, немістер, корейлер, шешендерде келіп қоныстады. Олар – қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары. 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында кен орындарының сарқылуына байланысты өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шахталардың жабылуы халықтың жаппай көшіп кетуіне әкелді.2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 74 681 адамды құрады; Әкімшілік жағынан қалалық әкімдікке (ауылдық округтерді қоса алғанда) бағынатын аумақтың шекарасында 99 753 адам тұрады, негізінен қазақтар мен өзбектер болып тұр.

Қала басшылары Қалалық комитеттің бірінші хатшылары КОКП Мирошин Михаил Устинович 1955-1957 гг Зенков Александр Ильич 1957 - 1960 гг Качесов Петр Иванович 1960 - 1966 гг Тилеубергенов Ыдырыс Тилеубергенулы 1966-1974 гг Кабиров Николай Шамсутдинович 1974-1988 гг Бекбосынов Сансызбай Абдуллаулы 1988-1991 гг

Әкім

Лян Василий Леонидович 1991 — 1998 жж Ордабаев Максут Кутымұлы 1998 — 1999 жж Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев 1998 — 2001 жж Жүзенов Бегімше Бексұлтанұлы 2001— 2003 жж Пирметов Алишер Хабибуллаұлы 2003 — 2005 жж Турабаев Жарылқасын Турабайұлы 2005 — 2008 жж Табылдиев Көктембек Өкімбекұлы 2008 — 2010 жж Калмурзаев Нұржігіт Нұрпейсұлы 2010-2012 Бақытбек Байсалов 2012 - 2014жж Макулбаев, Абдибакыт Тиллабаевич Рысбеков Ғани Курмашұлы 14 қаңтар 2019 - 09 сәуір 2019 Назначен новый аким города Кентау | Otyrar.KZНовый аким назначен в Туркестанской области | NUR.KZ Махажанов Даурен Сабитұлы 10 сәуір 2019 — 10 наурыз 2022 Аюпов Рашид Абатұлы 11 наурызРашид Аюпов Кентау әкімі болып тағайындалды. kaz.tengrinews.kz 2022 — 10 тамыз 2022 Тасов Жандос Қалмырзаұлы 2022 жылдың 11 тамызынан бастапКентау қаласының әкімі тағайындалды. www.inform.kz

Қала экономикасы

Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақытындағыдай жоғары деңгейге жете алмады.

Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: «Трансформатор зауыты» АҚ – еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт, «Экскаватор» АҚ – металл өңдеп, көлік жасайды. Трансформатор зауыты - Орталық Азиядағы электр жабдықтарын шығаратын ең ірі кәсіпорындардың бірі саналды.Барий өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін «Оңтүстік түстіметалл» АҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата, асфальт, кірпіш өнімдері шығарылады. «Табыс» акционерлік қоғамы, «Эластополимет» АҚ резина-техникалық бұйымдарын, «Ердес-нан» АҚ нан, "Әлия" тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машинажасау – 11,9%) құрайды.Жолдар қаланың негізгі көлік қызметін атқарады. Кентауға теміржол қатынасы жоқ.

Мәдениет пен қала көрінісі

thumb|200px|right|Қала көрінісі

Инфрақұрылымы Қалада Шәмші Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайы, орталық кітапхана, үш саябақ ("Кеншілер", "Сұлтанбек Қожанов атындағы", "Жастар"), «Кентау шұғыласы», «Кентау» атты қалалық газеттері жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің инежинерия факультетінің бөлімі, Сейдулла Бәйтереков атындағы музыка, балалар көркемсурет мектебі, балалалар спорт мектебі, «Дарын» мектебі, мектеп-гимназиялар, кәсіптік-техникалық мектеп, агроколледж, Кентау Көпсалалы Колледж және медициналық колледжі, Кентау жоғары гуманитарлық техникалық колледжі бар.Қалада Кентау политехникалық колледжі жұмыс істейді. Бұл оқу орны өңірде сұранысқа ие техникалық мамандарды даярлайды.

Танымал тұлғалары Республикаға танымал өнер қайраткерлері: Райымбек Сейтметов, Сейдолла Бәйтереков, Әшірбек Сығай, Асанәлі Әшімов, Ақбота Сейтмағамбет (КешYOU тобының экс-мүшесі). Қалада Дінмұхамед Қонаев, Сұлтанбек Қожанов сынды көрнекті мемлекет қайраткерлеріне және 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш қойылған. Сақ жауынгері бейнеленген «Тәуелсіздік монументі», Абай Құнанбаев ескерткіші бар.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Кентау