Бектұрды ишан (1737 – 1807) – ишан, діни қайраткер.
Бектұрды ишан жайында түрікменнің атақты ақыны Мақтымқұлының поэзиясында кездеседі. Ол туралы халық арасында айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірінде Бектұрды ишан мен Бекет атаның замандас адамдар екендігі, медреседе бірге оқып, Пақыржан қажыдан білім алғандығы айтылады. Оқуларын бітіріп, бірі Каспий теңізінің жағалауындағы Түпқарағанда, екіншісі – Үстірт үстінде ғұмыр кешкен. Бекдұрды ишан хиуалықтардың қолына тұтқынға түскен орыс теңізшілері мен балықшыларын құтқарып, бостандыққа шығуына көп көмегін тигізген. Орыс саудагері Н.Калусов өз естелігінде: , – деп атап көрсеткен.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002
Дереккөздер
Санат:1737 жылы туғандар Санат:1807 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ишандары