Амангелді Орынбайұлы Бәлдеков (1945 жылы туған, Форт-Шевченко қаласы) – мұнайшы.
Өмірбаяны И.Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын бітірген. Бүкілодақтық сыртқы политехника институтын бітірген (1968). 1968 – 1979 ж. Орталығы және ауданы инженер-технология қызметтердің операторы, ауысым бастығы, аға инженер «Жетібаймұнай» басқармасы мұнай игеру цехының аға технологы 1979 – 1986 ж. Ғылыми-зерттеу және жобалық институты мұнай зертханасының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі 1986 – 1991 ж. «Маңғышлақмұнайөндірісхим» аумақтық өндірістік басқармасы бастығының орынбасары, бас инженері, Өндірісті басқару қызметінің бастығы, Өндірістік-технология бөлімінің бастығы 1991 – 1995 ж. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ маркетинг және сыртқы экономика байланыс қызметінде бөлім бастығының орынбасары 1995 – 1997 ж. «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясы Мұнай игеру басқармасының бөлім бастығы. 1997 – 2001 ж. «Қазақойл-Коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өнімдерін өткізу департаментінің бас менеджері, мұнайды тарату департаментінің бас менеджері 2001 – 2002 ж. «Қазақойл-Продактс» ЖШС мұнайды тарату департаменті директорының орынбасары 2002 – 2005 ж. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы теңіз жобаларын басқару департаментінің бас менеджері болды. 2005 жылдан «Қазмұнайтеңіз» компаниясында «Құрманғазы» теңіз құрылымын игеру жобасын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестірушісі және бас менеджер қызметін атқарды.
Марапаттары «Құрмет белгісі» ордені «Ерен еңбегі үшін» медалі «КСРО өнертапқышы» атағының иегері.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институты түлектері Санат:Бүкілодақтық сыртқы политехника институты түлектері Санат:КСРО өнертапқыштары Санат:Қазақойл тұлғалары